Мемлекеттік басқару академиясына түсу мүмкіндігі талқыланды

Еліміздің әр аймағынан талантты жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылар тобын  қалыптастыру мақсатында Президент өңірлік кадр резервін жүзеге асыруды тапсырған еді.  Мемлекет басшысының пәрменімен жүзеге асып жатқан жобаның қатысушысына қоятын басты талабы - 35 жастан аспаған, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.  

Өткен аптада аудандық әкімдікте өңірлік кадр резервіне байланысты  ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Еркебұлан Ғабдығапаровпен кездесу өтті.  Оған  мемлекеттік қызметшілер, округ әкімдері, жастар қатысты.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиал директоры  Еркебұлан Серікұлы өңірлік кадр резерві туралы, академияға оқуға қабылдау талаптарына тоқталды.  Ол кадрлар резервіне үш рет 2019, 2021, 2023 жылдары өтіп, 300 адам қабылданғанын, оның 5-і ғана Атырау облысынан болғанын, 2023 жылы 600-ден аса адам академияға оқуға тапсырғандар ішінен  Атырау облысынан болмағанын еске алды.

-Академияны бітірген 400 адамның 318-і жұмысқа орналасқан.  Өткен жылы Атырау облысынан 15 адам оқуға түскен.  Бүгінде академияда 3000 түлек бар.  Академия 2024 жылы 1 қарашадан бастап модульдік бағдарламалар бойынша оқуға қабылдау жариялады.  Модульдік оқыту жүйесі қызметінен қол үзбей, кәсіби құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға тиімді.  Оқу 6 модульден тұрады.  Әр модульде оффлайн, қашықтан оқыту форматтары ұсынылған.  Бұл тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын ыңғайлы кесте бойынша игеруге  мүмкіндік береді. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ведомстволық бағынысты ұйымдардан өкілдер, квазимемлекеттік сектор мамандары, мәслихат депутаттары қатыса алады.  Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс орнының басшысы қол қойған жолдама, мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QRT немесе КАЗТЕС сертификаты болуы міндетті.   2024 жылдан бері модульдік бағдарлама бойынша магистратураға түсушілер үшін оқуға қабылдау ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізілді.   Мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс беруші жұмыс кестесін академияның күнтізбесіне сәйкестендіріп, жолдама беруі тиіс.   Сондықтан жұмыс берушілермен оффлайн сабақтарға қатысу үшін мемлекеттік қызметшіні  жіберу міндеттемесі көрсетілген.   Үш жақты келісімшарт көрсетілген.  Оқу құрамы өзгеріске ұшырап, модульдер саны 4-тен 6-ға артты.  Бұл білім берушілердің академияда оффлайн оқуға келуін азайтады. Үміткерлер бір жылдың 2 бағдарлама бойынша білім алады.  Eхecbtive MPA-  мемлекеттік басқару басшылық лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар азаматтарға арналған өңірлік даму-Маster  of RedianaI DeveIopment   жалпы  жұмыс өтіліне 2 жыл болуы тиіс.  Модульдік бағдарлама бойынша қабылдау ережелері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат академияның ресми сайтында орналастырылған.  Кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге арналған мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар-деді ол.   

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мұқанғалиев  2023-2025 жылдары  ауданда конкурссыз бес адам жұмысқа қабылданғанын, оның ішінде бас маман Ақерке Қуаныш, Құрманғали Қосжановтар  барын да айта кетті.  

Директор  Академияға түсу үшін эссе жазу, сұхбатасу кезеңіне де тоқталды.  Үміткерлерге 120 грант қарастырылған.  Конкурссыз қабылдау да бар.  Оқуға қабылданғандардың жұмыс орны сақталады, шәкіртақы, жас қызметшілер үйі бар.  Академия әртүрлі сала, бағыт бойынша  тәлім береді.   Спорттық , мәдени шаралар болады.  Сонымен қатар  Астана-хабта, Парламентте көшпелі  дәрістер болады.  Оқу орны әлемдегі жаңа білім беру бағдарламасына қосылған.  Академияның магистратурасы 1-1,5 жыл, докторантурасы-3 жыл, модульдік-1 жыл.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы А.Шакимов, аудандық  аудандық  ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Қуаныш  академияға оқуға түсу барысы, артықшылықтары жөнінде сауалдарын қойды.  Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қонысбаев  академияға тек мемлекеттік қызметтен тыс қызмет атқаратын жастарға оқуға түсе алады ма деген сауалын қойды.

Е. Ғабдығапаров  академияда кез келген тұлға, квази сектордан болсын оқуға түсуге мүмкіндігі барын баяндады.  Сонымен қатар тренингтер,  таяуда «е-қызмет» бойынша семинар өткенін, мемлекеттік қызметшілер ұсыныстарын зерделейтіндерін, медиамамандарды, дәрігерлерді оқытқандарын, енді имамдарды оқыту ойда барын айтты.  

А.Қуанышқалиева

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT