МЕМЛЕКЕТТІҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі маңызы күн санап артып келеді. Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі әрі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда дін қоғамға бағыт-бағдар береді, оны біріктіреді, идеологиялық және мәдени ұғымдарды қалыптастырады, жеке тұлға мен жал- пы қоғам мүдделерін қорғайды, этникалық негізден гөрі рухани құндылықтарды алға шығарады.

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ 

Қоғам – адамзаттың тарихи дамуы барысында қалыптасқан әлеуметтік құрылымдар мен функциялардың, байланыстардың тұрақты жүйесі. Онда адамдардың өзара әрекеттесуінен туындайтын бірлестіру формалары жүзеге асады. Қоғам – адамның өмір сүру салты, сондықтан қоғамсыз адам да, адамсыз қоғам да болмайды. Мемлекеттік саясаттың аса маңызды әрі күрделі бағыттарының бірі – дін саласындағы саясат. Еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары: зайырлылық қағидаттарын сақтау, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейту. Осы бағыттар мемлекеттің дін саласындағы саясатының мазмұнын айқындап, оның ел игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етеді. Дін – әлемде де, елімізде де өзектілігін жоймай келе жатқан тақырып. Тәуелсіздік жылдарындағы діни жаңғыру ұлттық дәстүр мен құндылықтардың нығаюынан, жастар арасындағы діндарлық деңгейінің ар- туынан көрініс табады. Зайырлылық – мемлекеттің діннен бөлінуі, әлеуметтік және саяси жүйенің діни қағидаларға тікелей сүйенбеуі. Бұл ешбір дінге тыйым салуды білдірмейді, керісінше мемлекет белгілі бір конфессияға басымдық бермей, дін саласына араласпауын қамтамасыз етеді. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, қоғам мен адам өмірінен тыс қарастырылмайды. Адамзат тарихында әр кезеңде тылсым күшке деген сенім болған, сондықтан діндер адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасқан. Қазақстанда дінаралық татулық пен бірлікті сақтау үшін зайырлылық қағидаттарының маңызы зор. Дін мен мемлекеттің түйісер тұсы – елдің тұтастығы мен тұрақтылығы. Осы бағытта ҚМДБ мен мемлекеттік уәкілетті органдар бірлесе жұмыс атқарады.

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ – ӨТЕ НӘЗІК САЛА 

Кез келген мемлекет дін саласындағы мемлекеттік саясатын өзінің тарихи, мәдени, экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Дін саясаты әртүрлі нысандарда көрініс табады: белгілі бір дінге мемлекеттік мәртебе беру, конфесси- ялармен келіссөз жүргізу, барлық діни бірлестіктерге либералды көзқарас таныту және т.б. Әлем елдерінің тәжірибесін талдасақ, дін қатынастары жай ғана заңдармен шектелмей, арнайы келісімдер (кон- кордаттар) мен идеологиялық тетіктер арқылы реттеледі. Қазақстанда да осы бағытта жүйелі құжаттар қабылданған. Мәселен, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №953 қаулысымен 2021–2023 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспар бекітілген. Қазақстан көпконфессиялы мемлекет ретінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО сын- ды халықаралық ұйымдар тарапынан бейбітшілік пен келісім үлгісі ретінде мойындалған. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос пен 18 конфессия өкілдері татулық пен ұлтаралық келісімде өмір сүруде. 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы мемлекеттік- конфессиялық қатынастарды жетілдіруге, зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта қолдануға жол бермеуге бағытталды. Оның құқықтық негізін ҚР Конституциясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Экстре- мизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдар және басқа да нормативтік актілер құрайды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң – ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық құжат. Мемлекеттің дін саласындағы маңызды бағыты – экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, бұл жаһандану дәуіріндегі ұлттық қауіпсіздікке төнген басты қатерлердің бірі. ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ РАДИКАЛИЗМ МӘСЕЛЕСІ Діннің қоғамдағы белсенділігі, әсіресе, жастар арасында айқын байқалып отыр. Мешіт жамағатының 70%-ы – жастар. Ғаламтордағы діни топтар, парақшалар да көбіне жастардың талғамына сай ақпарат таратады. Интернеттегі шексіз ақпараттың ішінде жалған діни уағыздар таратып, жастар санасын улайтын радикалды көзқарастар да жеткілікті. Өкінішке қарай, 2011-2016 жылдары Ақтау, Балқаш, Шұбарши, Тараз, Ақтөбе, Алматы қалаларында орын алған қанды оқиғалар діни радикализмнің зардабын айқын көрсетті. Сирияға «жиһад» деп кеткен азаматтар оқиғасы да – ел тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. ҚМДБ бұл қауіпке жалғыз қарсы тұра алмайды. Оның негізгі миссиясы — рухани ағарту, діни рәсімдерді орындау. Ал сырттан келетін діни ақпаратты сараптау, құқықтық шаралар қолдану, интернеттегі заңсыз контентті тоқтату — мемлекеттік уәкілетті органдардың міндеті. Мәселен, 2016 жылы 10 мыңнан астам сайт тексеріліп, 1500-ге жуығының заңсыз контенті анықталды. 2018 жылы да 6 мыңнан аса сайттың 900-інде құқыққа қайшы материалдар табылған. Жастардың радикалды ағымдарға еріп кетуінің негізгі себебі — дұрыс діни білімнің болмауы. Сондықтан мемлекет пен дін қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуі ерекше маңызды. 2024 жылдан бастап елдегі жаңа қауіптер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда.

 – Ізгілік пен рухани құндылықтарды насихаттауда дін саласының рөлі ерек- ше. Зайырлылық – көпконфессиялы қоғамдағы бейбітшіліктің кепілі. Бұл тек мемлекетке емес, әрбір азаматқа қажет қағидат. Жаңа тұжырымдама зайырлы даму негіздерін нығайтып, конфессияаралық қатынастарды жетілдіреді,-деп құжаттың маңызды- лығын атап өткен болатын министр А.Балаева. Дінаралық және этносаралық татулықты сақтау — барша азаматтың ортақ міндеті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мемлекет, қоғам, діни ұйымдар және азаматтар бірлесе әрекет еткенде ғана қоғамдағы тұрақтылық пен рухани дамуды қамтамасыз етуге болады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT