Мектеп директорлары топ жарды

Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Байғанинқызы Дюсекенова ауданға қарасты Қосарал орта мектебі, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі, Жалғансай орта мектебі, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептері директорларын құттықтап, алғыс хаттарды табыс етті.

Айнагүл Байғанинқызы облыс көрсеткішінің негізін Махамбет ауданының 5 мектебі алға сүйреп, "Күнделік.kz" электрондық журналы бойынша І тоқсан бойы облыстық Әдістемелік орталық жүргізген рейтингте көш бастаған, яғни республикалық рейтингіде көтерілуге елеулі үлес қосқан да атап өтті.

Сонымен қатар облыстық білім саласының көшбасшылары, жеке ой-пікірлерімен, азаматтық ұстанымдарымен дараланып жүрген мектеп басшылары дебат турнирінде бақ сынасты. Жоба барысында облыс бойынша 48 білім беру ұйымының басшысы сөз сайысқа түсті. Ауданымыздан қатысқан Ақтоғай орта мектебінің директоры Ізғали Жоламан І орын, О.Шонаев атындағы орта мектебінің директоры Жанаргүл Дүйсенғалиева ІІІ орын иеленді.

Құттықтаймыз! Жоғары белестерден көріне беріңіздер!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз