Қазігі қазақ қоғамын жайлаған кеселдің бірі – маскүнемдік.
Отбасы мен қоғамға ойдай залалын тигізетін маскүнемдік мәселесі әлі өзектілігін жоя қойған жоқ. Тіпті, сондай «құрыққа» ілінгендерді мәжбүрлеп емдеуге тура келеді. Таяуда Махамбет аудандық сотта қаралған азаматтық іс – дәл соның айғағы. Бұл жерде сотқа арызды баланың әкесі берген.
Іс-құжаттарынан анықталғандай, әкесі баласының үнемі арақ ішіп, отбасы тыныштығын бұзатынын көрсетіп, баласын мәжбүрлеп емдеуге жіберу жөнінде полиция бөліміне арыз жазған. Осы арыз негізінде Махамбет аудандық ауруханасы С-ны мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сотқа арызбен жүгінді.
Махамбеттік азамат 2016 жылдан бері Махамбет аудандық ауруханасының наркологиялық есебінде тұрады, дәрігердің қорытындысына сай емдеуді қажет етеді, бұрын бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.
Сот шешімімен талап қоюшы аудандық орталық аурухананың арызы қанағаттандырылып, азамат 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емдеу бөлімшесіне емделуге жіберілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Аудандық соттың баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз