Латын әліпбиін қабылдау бізге ұлттық құндылықтарды, рухани байлығымызды, рухани мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап ары қарай дамытуға себепші болады.
Біз өз тарапымыздан латын әліпбиінің артықшылықтарын халыққа кеңінен таныстыра отырып, бүгінде ішкі саясатымыздағы басты жетістігіміз азаматтық қағидаларға негізделген қазақстандық бірегейлікті нығайтудың және дамытудың жолдарын көрсете аламыз.
Ұлттық мұрат негізінде қоғамды ұйыстырып, әлеуметтік бірлікті нығайту кез келген көп ұлттық мемлекеттің қоғамдық өмірінің күрделі жақтарының бірі болып табылады.
Сондықтан, Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық кодының негізі саналатын рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болып саналады.
Қайрат ЖҰМАШЕВ,
Жалғансай ауылдық Шалқыма мәдениет үйі КМҚК басшысы
Сурет:дереккөз