Мас жүргізуші ортаға қауіпті ​

Махамбет аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольдік​ масаң күйде көлік құралын басқарғаны бойынша К. кінәлі деп танылды.

Сотпен анықталғаны:

К. алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, «Ваз 21144» маркалы автокөлігін, 2021 жылғы 28 шілдеде сағат 11.20 шамасында Атырау-Индер тас жолының 67-ші шақырым тұсында «орта»​ дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот жаза тағайындағанда Қ-ның кінәсін мойындап өкінгенін, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, ал ауырлататын мән-жайлардың жоғын, аталған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ескеріп, Қ-ға көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айырумен, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT