«Көкелердің» көмегінсіз жетістікке жету тетігімен бөлісті⠀

Тоғыз жылын аспанасты елінде өткізіп, оқуын аяқтаған соң елге келіп, министрдің кеңесшісі және өзге де лауазымды қызметтерді атқарып, кейін кәсіпкерлік салаға бет бұрған жастар жанашыры, кәсіпкер, «Дарын» сыйлығының иегері Олжас Сүлеймен махамбеттіктермен кездесіп, «Бизнес және мотивация» деп аталған еркін кездесуде өзінің шетелден алған тәжірибесімен, пайдалы дүниелермен бөлісті.

- Шанхайда жүрген кезімде бір бизнес-форумға қатысып, үлкен серпіліс алдым. Сол бизнес-форумда Nokia компаниясының құрылтайшысымен кездестім. Компаниясының гүрілдеп тұрған уақытында бір жас жігіт келіп, өзінің технологиясын сатып алуды ұсынады. Бірақ әлемді өзінің алақанында ұстап, ешкімге дес бермей тұрған компания өкілдері одан бас тартады. Кейін бұл шешімдеріне өкініп қалады. Сол жас жігіт Android қосымшасын өмірге әкеліп, өзге алпауыттарға сатып, Samsung, Huawei компанияларының абыройларының асқақтауына алып келеді. Сөйтіп Nokia компаниясы көштің соңында қалай қалып қойғанын сезбей қалады. Бұл жерден алатын түйін, бизнес өкілдері жаңа технологияларға бейім болуы керек. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, оқуға ерінбей, өзгерістерді жеңіл қабылдап, «блокчейн», «майнинг» секілді терминдерге құлақ түріп, сол жүйені іске асырып көрген абзал,-дейді О.Сүлеймен.⠀ ⠀

ee7e6b61-49b9-4214-a287-34c67cdc473d

«Танысың болмаса, қазір жұмысқа тұру мүмкін емес» дегенді жиі еститініміз ақиқат. Бұл тіпті біздің қанымызға сіңіп, стереотипке айналып кеткелі қашан?! Бірақ О.Серікбайұлының айтуынша, мұның бәрі еріншек адамдардың шығарып жүргені.⠀ ⠀

- Ерінбей, талаптанып, өзіңізге инвестиция құйсаңыз, бәрі де болады. «Бай мен кедейдің баласын білім теңестіреді» деп бекер айтпайды. Қазақстанда жұмыс жоқ дегенге сену қиын. Біздің компанияға жұмысшы таба алмай қиналамыз. Түйіндемелеріне орыс тілі, ағылшын тілін жазып қояды. Бұл қос тіл қазіргі таңда күнделікті өмірімізге еніп кетті. Керісінше, түрік, араб тілдерін неге үйренбеске?! Мен 27 жасымда министрлікке кеңесші болып қызметке орналасқанымда екі аға-көкем болды. Оның бірі – білім болса, екіншісі – еңбек. Ата-ананың тәрбиесі де көп нәрсеге себепші болды,-дейді кәсіпкер.⠀ ⠀

66afbac9-9d74-4d6b-a589-31612feae85e

Еркін форматта өткен кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тіл мәселесі де, ұл мен қыз тәрбиесі де айтылды. О.Сүлеймен барша қатысушыларды кәсіпкерлік салаға бет бұруға, қиындықтан қорықпауға шақырды.⠀ ⠀

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT