Марапат көңілді марқайтады

Махамбет ауылындағы "Sultan Palace" мейрамханасында аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы Ахметов кәсіпкерлермен "Ашық сұхбат" ұйымдастырды. Жалпы "Ашық сұхбаттың" мақсаты-аудан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау және олармен ашық диалог ретінде пікір алмасу, өзекті мәселелерін тыңдап, талқыға салып, ортақ шешімге келу еді.

Кездесу жиынын кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Ж.Ахметов ауданымыздың кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан ерен еңбектері үшін бірқатар іскер адамдарға алғыс хат пен ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына арналған төсбелгілерін табыстады.

Аудан әкімінің алғыс хатын алғандар: Арыстангалиева Зинет-«Арыстангалиева» ЖК-нің жетекшісі, «Сұлтан Палас» мейрамханасы мен супермаркетінің және «Айгүл» базарының иесі. Кенжегалиева Махфуза-«Кенжегалиева» жеке кәсіпкерлігінің иесі, кәсіпкерлікпен айналасып жүргеніне 20 жылдан асты. Қазіргі уақытта «Монша», «Айым» дәмханасы, «Қайрат» ЖЖМ құю стансасы кәсіпорындары, Бақсай ауылдық округінде шаруа қожалығы бар. Сондай-ақ 1980 жылдардағы «Аққу» сауда үйін күрделі жаңғырту жұмыстарынан өткізді. Күні бүгін 18 кәсіпкер әлеуметтік нысанды қолжетімді бағамен жалға алып, кәсіптерін айналдырып отыр. Мухамбетова София-«Мухамбетова.С.Ж.» жеке кәсіпкерлігінің иесі, кәсіпкердің меншігінде «Атакент» құрылыс дүкені мен «Атамұра» аралас дүкені бар. «Мектепке жол» акциясы, т.б. қайырымдылық шараларға үнемі қатысып келеді. Өтебалиев Бейбіт -«Утебалиев» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, меншігінде 2-3 кәсіпорын бар. Ол аз қамтылған отбасыларға қаржылай жәрдемдесіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Иманалин Артур-«Иманалин» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, инженер, көп жылдан бері аудан бойынша тұрмыстық техникаларды қондырумен, жөндеумен айналысады. Сұлтанмұрат Гаухар «Диана» жеке кәсіпкерлігінің иесі, тігінші. Өз ісінің шебері ретінде қызмет көрсетіп, халыққа өнімдерін ұсынып келсе, мейірімді жан ретінде қайырымдылыққа аса мән береді.

Махамбет ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік төсбелгі мен әкімнің алғыс хатын иеленгендер: Калыков Зинелгабит – «Танайс-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, оның меншігінде 500 бас қаз фермасы мен «Танайс» атты кафе-монша кәсіпорындары бар. Махамбет ауылын көгаландыруға өз үлесін қосып келеді. Шалагулова Гүлзада - «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының директоры, ауданымыздың 80 пайыз кәсіпкерлері осы қордың жеңілдетілген несиелері, мемлекеттік бағдарламалары арқылы кәсіптерін ашып, жұмыстарын жандандырып отыр. Гумаров Куанышкерей - «Гумаров» жеке кәсіпкерлігінің иесі, көп жылдан бері аудан бойынша су құбырын жүргізумен айналысады.

Қуатов Жауынбай – Бақсай ауылының тұрғыны, 1-топ мүгедегі, «Асанғали» шаруа қожалығының жетекшісі, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру,сатумен айналысады, қайырымдылық шараларының да ортасынан табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қайырымдылық жасауда алдына жан салмаған меценат, жеке кәсіпкер Б.Ғабдуллинге «Алтын жүрек» сыйлығы мен аудан әкімі Ж. Ахметовтің алғыс хаты ұсынылды. Габдуллин Бағыт Қабдолұлы - 1946 жылы 14 наурызда дүниеге келген. Сонау соғыс кезендерінде қиыншылықты көрген ол қазіргі таңда ең табысты кәсіпкер болып табылады. Меншігінде бірнеше кәсіпорындар бар. 1992 жылдан бастап бірқатар адамды жұмыспен қамтып, жоғарғы еңбекақы төлеп, мамандарын пәтермен қамтамасыз етіп отыр. Іс басында орта көлемдегі кәсіпорынды басқарып отырған азамат ретінде айналасындағы ағайын-тума, дос-жарандарды қолдаса, жыл сайын әлеуметтік нашар қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, көмек сұраған ұйымдарға, аудандық зағиптар ұйымына, еңбек, соғыс ардагерлеріне үнемі көлемді қаржы бөліп отыруды өзінің азаматтық борышы санайды. Кәсіпкер Бағыт Қабдолұлы 2018 жылы «Махамбет» қайырымдылық қорына 1 млн.теңге аударды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT