Мақсат — халыққа жақын болу

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей, Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде алған бағытына сай,  республика саяси өмірінде, демократиялық қайта құрулар жалғаса түспек.

Халықққа жақын, оның мұң-мұқтажын ести білетін үкімет құру ісінің жалғасы ретінде ауылдық округ әкімдері халыққа етене жақын болуды қамтамасыз ету, ауылдық округ әкімдерін сайлаудан басталмақ. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы алғаш рет мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің Жолдауында айтқан болатын.  2021 жылдың 24 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы заңнамаға түзетулер енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылады. Бұл саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға болғалы тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалар аясында бүгіннің өзінде 10 заң қабылданған. Үстіміздегі жылдың соңына дейін бұл бағытта тағы бірқатар заң қабылдануы тиіс. Өйткені, аталмыш сайлау механизмінің тетіктері уақытқа сай болып, заң жүйелерін жетілдіруді талап етеді. Президенттің заңға қол қоюымен жүзеге асырылатын бұл бастама халық игілігі үшін тиімді.

Осыған орай, Президент Қ.К.Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 730  ауыл әкімдерін сайлаланады деп күтілуде. 

Сайлау 2021 жылдың тамыз айынан бастап өкілеттігі аяқталатын әкімдерге қатысты болмақ. Ал сайлаудың өзі іс басындағы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді. Осылайша, алғашқы тікелей сайлау осы жылдың шілде айының соңғы онкүндігінде өтуі тиіс. Бұл ретте кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін 15 күн бұрын аяқталады.

Ауыл халқының да, ақсақалдардың да алдағы ауыл әкімдерінің сайлауынан күтер үміттері көп. Сондықтан бір ауыздан қатысып, өз таңдауларын жасамақ. 

 

Әділбек Олжабайұлы ТУРДАЛИЕВ,

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университтетінің профессоры, т.ғ.к.

«Nur Otan» партиясының Атырау қалалық филиалының Саяси Кеңесі мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT