Махамбеттік жастар қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын насихаттады

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Махамбет ауданы әкімінің қолдауымен, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ ауыл» шарасы өтті.

Шараның мақсаты - жастарға салт-дәстүрлерді үйретіп, кейінгі жас ұрпаққа насихаттау. Аудан жастарынан бөлек, Атырау қалалық жастар орталығының да белсенділері шараға арнайы қатысты.

«Қазақ ауыл» шарасында киіз үй тігіліп, қой сойылды. Тұсаукесер, бесікке салу, асату сынды дәстүрлер насихатталды. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары - асық ату, ләңгі, садақ ату ойнатылып,  жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Алтыбақан  құрылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз