Махамбеттік оқушылар ғылыми жобалар сайысында топ жарды

Яғни, облыстық Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде Махамбет ауданының намысын 4 оқушы қорғады.

 ДИЛЬНАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ

Біліммен қоса ақыл-ойдың ұшқырлығы сыналатын ғылыми жобалар сайысына қатысқандар арасында Дильназ Шонаева бар. Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 10-сынып оқушысы бұл додада республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі, педагог-зеттеуші Фариза Жұмабаева.

Дильназ бұл сайыста «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағытының «Математика» секциясы бойынша сынға түсті. Мұнда ол «Махамбет ауданы – мәтінді есептерде» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады. Ол бұл жұмысын 9-сыныпта бастаған. Жобада Махамбет ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы, халқының құрамы, саны, экономикалық әлеуеті, көрікті табиғаты мен байлығы мәтіндік есептер арқылы көрсетілген. Өзі туған өлкенің тарихын, баға жетпес құндылықтарын сандармен сөйлеткен Дильназ жобасын аймақ ғажайыптарын танып-білуге құмар оқушыларға наси- хаттау мақсатында жасақтапты.

– Мен зерттеу жұмысымның нысаны ретінде Махамбет ауданының тарихы, аумағы, географиясы, халқы және өзге де мәліметтерді басшылыққа алдым. Әр жобаны дайындаған кезде оның ұтымды тұсы болуы қажет. Мен оның жаңашылдығы ретінде Махамбет ауданы туралы ақпараттарды жинақтап, сол бойынша есептер жинағын құрастырдым,-деді Дильназ Шонаева.

Осылайша, 365 күн ізденіп, талмай талаптанған еңбегінің арқасында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Тестілеуден кейін 50 ұпайдан жоғары балл жинаған Дильназ республикалық кезеңге жолдама алды.

«ЕРКЕЖАННАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІЗ»

Сондай-ақ аталған ғылыми жобалар сайысына қатысқан тағы бір жерлесіміз жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Еркежан Әлиханқызы бұл конкурста «Су терапиясының адам психологиясына әсері» атты жобасын сәтті қорғады. Жетекшісі – мектеп психо- логы Әсел Салихова.

– Пандемия кезінде адамдар өздерін су ішу арқылы тыныштандырып, өз-өздерін қалыпты ұстауға барынша мүмкіндік туғызды. Су организмдегі артық ласты шығарып, қуат беретіні баршаға мәлім. Сондықтан бұл жобамда су терапиясының адам психологиясына берер пайдасын түсіндіріп қана қоймай, оның күнделікті өмірде қолданысын түсіндіру мақсатында дайындадым,- деді Еркежан.

Оқушысының бұл белесіне қуанған Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы директорының ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынба- сары Бержан Жантөриева Еркежанның алдыңғы орындардың қатарынан көрінеріне сендім дейді. Оның пікірінше, Еркежан – мінезі ашық, кез келген жұмысты тиянақты да, өз уақытында атқаратын, сегіз қырлы, бір сырлы оқушы.

– Кез келген жарыс түрінен жүлделі орындарға қол жеткізіп жүрген, үлгілі де озат оқушымыз пәндік олимпиадаларда, спорттық жарыстарда да, өнер байқауларында да лауреат атанып, мектеп абыройын асқақтатып жүр. Алдағы уақытта Еркежаннан үлкен үміт күтеміз,-деді Б.Жантөриева.

Еркежан Әлиханқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының аудандық кезеңінде жүлделі 1 орынға ие болса, облыстық кезеңде жүлделі 2 орынға қол жеткізді. Еркежанның жетістіктері мұнымен шектелмейді. Ол «Жас сарбаз» облыстық әскери-интеллектуалдық эстафеталық ойындарында жүлделі 3 орынға, аудандық «Ақберен» өнер байқауында 3 орынға, «Жас Ұлан- 2022» әскери-патриоттық клубтарының арасындағы облыстық слетінде атыс дайындығынан жүлделі 1 орынға ие болды.

Мұндай жетістіктер – ауыл баласы үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш. Өңіріміздің атын республика көлемінде танытып жүрген оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Алар асуларың көп болсын! Біз сендердей білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақпен мақтанамыз.

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT