Ауданда «Ботай мұрасы - ұрпаққа аманат» көшпелі көрмесі өтуде

Махамбет аудандық тарихи-өлкетану музейінде ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК мекемесінің «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» атты көшпелі көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ашылған «Ботай» музей-қорығының бөлім басшысы Жадыра Мукушева Ботай мәдениетіне кеңірек тоқталып, жиналғандарды көрме экспонаттарымен таныстырды. «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ұжымына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ескерткіш сыйлығы тарту етілді.

Көшпелі көрме жұмысы 5 наурызға дейін жалғасады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз