Махамбеттік мемлекеттік қызметшілер – облыстық байқаудың жеңімпазы

Н.Жантөрин атындағы филармонияда Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен, «Өңір ономастикасы» атты облыстық байқауы өтті.

Іс-шара жергілікті атқарушы органдардағы тіл саясатымен айналысатын бөлімдердегі ономастика саласындағы жұмыстарды күшейту, жетілдіру және дамыту мақсатымен ерекшеленеді. Байқауға облыстың жергілікті атқарушы органдарда қызмет істейтін мамандардан құралған 7 команда қатысты. Өңірге белгілі өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев қазылар алқасында төрағалық етті.

Үш кезеңнен тұратын байқауды қорыта келе, қазылар алқасының шешімімен «Махамбет» құрамасы топ жарды. Топ құрамында Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт  бөлімінің бас маманы Эльмира Ниязова, Алға ауылдық округінің бас маманы Гүлнар Нұрғожа және Ақжайық ауылдық округінің бас маманы Жасұлан Дәулетқалиев болды.

Байқаудың бірінші кезеңінде әр команда өздерін таныстырып, қалалық, аудандық бөлімдердің ономастика саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, нақты ақпарат берді. Екінші кезең тарихи-географиялық бағытқа арналды. Шешуші кезеңде командалар ономастика саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерден үзінділерді табуға тырысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT