Махамбеттің бүгіні мен ертеңі

Өткен аптада аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Махамбет ауылдық округінің әкімі Н.Сапаров атқарылған жұмыстар бойын­ша тұрғындар алдында есеп беріп, алдағы жоспарлармен таны­стырды.

Бүгінде он үш мыңнан астам халық мекен еткен ауылдық округте жыл басынан бері 107 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсіп отыр.

Ауыл тұрғындарының малда­рын далаға шығарып бағуға 6254 га жайылым жер бөлініп, бекітілді. Округ бойынша 21 жеке шаруа қожалығы тіркелген, соның ішінде жеке қожалық бойынша алынған өнім көлемі ет - 911, сиыр сүті - 3600, түйе сүті - 12 центнерге, ал шаруа қожалықтары бойынша алынған өнім көлемі ет - 293, сиыр сүті – 116, түйе сүті 7 центнерге жетіп отыр. Мал басының санына келсек, мүйізді ірі қара - 2657, қой-ешкі–4 541, жылқы – 349, түйе - 236, құс 2 697 басқа жет­кен.

Округ бойынша мектеп жасы­на дейінгі балалар саны мыңға жуықтайды. 783 бала тәрбиеленіп жатқан 6 бөбекжайда 119 педагог- тәрбиеші қызмет атқарады. Орта білім беретін Қ.Қалыбеков, Д.Төленов, Е.Ағелеуов, О.Шонаев атындағы орта мектептерде 2604 оқушыға 291 мұғалім сабақ береді.

Махамбет ауылдық округ әкімі Н.Сапаровтың айтуынша биылғы жылға салық жоспары 48 221 000 теңге болған, есепті кезең ішіндегі салық түсімі 46 574 530 теңгеге жеткенін айтады. Махамбет, Сарытоғай ау­ылдары бойынша тіркелген 873 кәсіпкерлік субъектісінің нысан­дар саны 157 болса, онда 370 адам жұмыспен қамтылып отыр.

- Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарына орай биыл 3000 дана тонник мешоктары және соляр­ка алынды. Махамбет ауылындағы Жайық өзеннінің жағасын бекіту бойынша 12 000 дана тонник мешок салынып, геотексилмен қапталды. Сонымен қатар Сарытоғай және Махамбет ауылының ортасына бөгет соғып, шлюз салуға қаражат қаралды. Себебі ол аралықта тұрғын үйлер салуға жерлер берілген газ, электр желілері жүргізілген.

Махамбет, Сарытоғай ауыл- дарындағы санитарлық тазалалық жұмыстары бойынша көшелерді, квартал ішіндегі аумақты, Жайық өзені жағалауын, округ аумағынан өтетін тас жолдардың екі жағын жинау, сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып алып кету, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын қоқыс алаңын және оған іргелес аумақтарды тиісті санитарлық күтіп-ұстау жұмыстарын осыған дейін «Жомартжан» ЖК-і атқарып келді. Келісім шарттың аяқталуына байланысты жұмыс тоқтатылып, жаңадан «Серік Аста­на» ЖШС-мен 18 850,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталды. Қазіргі уақытқа дейін 30000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды және полигонның айналасы жи­налды. Көктем айларында «Таза Қазақстан» республикалық акция­сы ұйымдастырылып, белгіленген тазалау учаскелерінде сенбілік өткізілді. Көшеде жүрген мүйізді ірі қара малдарының сырғаларын фотоға түсіріп, иесін анықтап, поли­ция бөліміне беріліп отыр. Полиция бөлімі мал иелеріне айыппұл салып отыр, - дейді ауыл әкімі Н.Сапаров.

Баяндамада көшелерге жарық шамдар орнату, түнгі безендіру және сәулеттік келбетін келтіру жұмыстары да айтылды. «Жаңа ауыл» мөлтек ауданының 12 көшесіне және «Шұғыла» мөлтек ауданының Ахме­дяров көшесіне көше жарық шамда­ры жүргізілген. Жайық шұғыласы, Абай, Есмағамбетов көшелеріндегі бағаналарға түнгі жарық ленталар ор­натылып, ғимараттар жарық лентала­рымен безендірілген. Айта кетейік, ауыл ішіндегі түнгі жарық шамдарын күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға «Толағай» жеке кәсіпкерімен келісім шарт жасақталған. Орталық алаңға және Жайық шұғыласы көшесіне аумағы 10х6 метр болатын LED экран орнатылды.

Ауылдық округ әкімінің айтуынша, алдағы уақытта Жайық шұғыласы көшесіндегі 2 көп қабатты үйдің шатырына нақыл сөздер, орталық аллеяның кіреберіс маңдайшасына «Ардагерлер аллеясы» және автотұраққа «Автобекет» деп жазы­латын болады.

Ауылды көгалдандыру және абаттандыру, саябақтарды күтіп- ұстау бойынша «Сисенов» ЖК мен келісім шарт жасақталған болатын. Соған сәйкес, жеке кәсіпкер суару, шөптерін тазалау, қоршауларды сыр­лау жұмыстарын жүргізуді міндетіне алған.

Қазіргі таңда Махамбет ауылындағы булану алаңын жөндеу жұмыстары басталып, алаңды топырақпен қоршау, 1 шақырым кәріз желісін диаметрі 200-дік тұрбаға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл кәріз желісіне қосымша 60 пәтерлік 1 көп қабатты үй қосылатын болады.

Ауылішілік жолдардың жағдайы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жиындарын­да ауылішілік жолдардың жөнделуін сұраған халықтың тілегі біртіндеп жүзеге асуда. Бл жөнінде ауыл әкімі Н.Сапаров:

- Махамбет ауылішілік 19 шақырым жолдарын салуға бірінші және екінші кезеңнен тұратын жобалық- сметалық құжаттамасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, екі кезең бойынша жұмыстар ба­сталып кетті. Бірінші этап бойынша асфальттың бастапқы қабаты салын­ды. Екінші қабатын жасау 15-ші мау­сымнан кейін басталады. Екінші этап бойынша жұмыстардың 95 пайызы аяқталды. Енді Шұғыла-2, Шаттық мөлтек аудандарына бағытталған үшінші этап жұмыстары басталады. Ипотекалық 80 үй қалашығының да жолдары асфальтталатын бо­лады. Абай, Жайық шұғыласы, Есмағамбетов көшелері термопла­стикпен жол жолағы сызылады, - дейді өз сөзінде.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Махамбет ауылының ішіне қатынайтын 3-ші және 4-ші номерлі автобустар бұрынғы маршрутына қосымша 60 пәтерлі үйден бастап жаңадан салынған Д.Төленов орта мектебіне дейін қатынайтын марш­рут қосылды. Оған қоса, ауыл ішіне 39 орынға салынған аялдамаларды асфальттау жұмыстары жасалатын болады.

Ауыл ішіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар салатын арнайы орын бұған дейін 34 жерде болса, биыл қосымша тағы 10 жерге атап айтсақ, 8-і Махамбетке, 2-уі Сарытоғайға са­лынды.

Махамбет ауылында 2 су тазарту қондырғысы және Сарытоғай ауы­лында 1 су тазарту қондырғысы бар. Махамбеттің өзінде 6 жерде жазғы су желісі жұмыс жасап тұр. Ауыл әкімі өз хабарламасында Махамбет ауылының «Жаңа ауыл» мөлтек ау­данына жазғы су желісін жүргізу бойынша ұзындығы 6,4 шақырым, Сарытоғай ауылы бойынша 7,76 шақырымды құрайтын ЖСҚ дайын екендігін мәлімдеді.

- Ауылдағы апатты деп танылған ескі ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды. Оның ішінде, ескі мектеп, 18 пәтерлік үй бар. Сонымен қатар редакцияның бұрынғы ғимараты мен және Сарытоғайдағы ескі клуб­ты бұзу жоспарда бар. Қазіргі таңда ғимарат апаттылығын анықтайтын қорытынды алынуда, - дейді ол.

Тұрғындар тарапынан ауыл ішіне, қала орталығына қатынайтын автобустың жүру регламентіне өзгерістер енгізу, жаңа мөлтек аудандарға ауыз су желісін жүргізу мен көшелерді жарықтандыру, аял­дамалар және жол белгілерін ор­нату, жаңа балалар ойын алаңын жасауға, демалыс саябағын күтіп- ұстауға қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT