Махамбетте «Жасмин» кондитерлік цехы тәулігіне 100 кг пряник пен 60 кг сұлы печеньесін өндіріп отыр

Махамбет ауылында ерлі-зайыпты кәсіпкерлер кондитер өндірісімен айналысып, кәсіптерін дөңгелетіп жүргізіп отыр. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Жексенбай Пазуловтың айтуынша, ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Самат Ахметов пен Яна Ахметова кондитерлік өнім шығаратын кәсіптерін бастау үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несие алып, шағын ғимарат сатып алған. Олар осы кәсіппен екі жылдан бері айналысып келеді.

-Он жылдай қалада тұрып, сауда-саттықпен айналыстық. Өзіміздің жеке дүкеніміз болды.  Бір жолы кондитерлікпен айналысатын жақын танысымыз өзі басқа жаққа көшетін болған соң, бізге дайын бизнесін алып қалуды ұсынды. Жолдасым екеуміз еш ойланбастан келістік. Өзімізде бизнестің сферасын өзгертуді ойлап жүрген едік. Ерінбей барып кондитерлік өнімді жасаудың қыр-сырын үйреніп алдық та, жаңа кәсібімізді туған жерімізге келіп ашқанды жөн көрдік,-  деді көп балалы кәсіпкер ана Я.Ахметова.

Оның айтуынша, болашақта өзге де кондитерлік өнімдерді шығаруды қолға алып, жұмыс өнімін ұлғайтуды жоспарлап отыр.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз