Махамбетте жас отбасылар марапатталды

Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы гендерлік саясат және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Отбасы-бақыт мекені» атты мерекелік шара өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы ашып, отбасы күні оффлайн режимінде, санитарлық талаптарды қатаң сақтау негізінде ұйымдастырылып отырғанын айтып, жиналғандарды отбасы күнімен құттықтады. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Самат Жайлашев та отбасы күнімен құттықтап, толайым табыстар тіледі. Сонымен қатар «Жайық шұғыласы» газетінде отбасы құндылықтары, ата-әже, ата-ана тәрбиесі, үлгілі, өнегелі жанұялар туралы көбірек жазылса деген ұсынысын жеткізді.

Одан әрі жас отбасылар туралы арнайы түсірілген «Отбасы-шағын мемлекет» атты бейнеролик тамашаланды.

otb150920

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жібек Шамалиқызы да жас отбасыларды атаулы күнмен құттықтап, жұбайы екеуі 40 жылын білім саласына арнағанын, қазіргі ұрпақ айтқаннан гөрі көргенін жасайтынын, сондықтан бала көзінше артық нәрсе айтпаған дұрыс екенін айтты.

-

-Отбасында баланы өзгенің баласымен салыстырмаған дұрыс. Бұл баланың көңілін қалдырады. Өйткені, баланың өзі жеке тұлға болып қалыптасады. Баланың алғашқы ұстазы-отбасы екенін ұмытпайық. Әр ата-ана өз баласына өнеге-үлгі болуы тиіс, - деді Жібек Мұғауова.

otbasy15920

nazerke150920

Кезек марапаттауға ұласты. Атаулы күнге орай аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ғ.Мырзағали, А.Зұлхашев, Е.Болатов отбасылары марапатталды. Марапатты жас отбасыларға аудан әкімінің орынбасары М.Жұмахметұлы мен аудан әкімі жанындағы гендерлік саясат жөніндегі комиссия хатшысы Г.Төлегенова тапсырды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT