Қылмыстың алдын алу мен болдырмау, тұрғындардың талап-тілегін орындау бағытында Махамбет ауданында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
26 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Махамбет аудандық Полиция бөлімінің 102 кезекші бөліміне қоңырау шалған Махамбет селосы тұрғыны азаматша Елена Азовская өз үйінің ауласында тұрған “Стелс” маркалы велосипеді ұрланғаны туралы шағымданған.
Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына барған ПБ жедел тергеу тобымен іздестіріліп, ұзамай күдікті анықталып,одан ұрланған велосипед табылды.
Мүлкінің тез табылғанына қуанған махамбеттік Елена Азовская полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сурет:дереккөз