Сайлауалды штаб ресми түрде іске кірісті.
Штаб құрамында ардагерлер, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де сала қызметкерлері, барлығы 31 адам бар. Аумақтық сайлау комиссиясы арқылы мәслихат депутаттарының кандидаттығына 22 «нұротандықтан» тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның 19-ы партияішілік сайлаудың, «праймериздің» жеңімпаздары қатарында болса, үшеуі партия филиалының квотасы бойынша өткендер сапында.
Сайлау науқанында «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» ұранын ұстанатын партияның сайлауалды штабы желілік кесте бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған. Сондай-ақ, штабтың жанында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерінен құралған топ та қызмет етеді.
- Үгіт-насихат жұмыстарына қатысты және өзге де шараларды өткізу жоспарға сай, бағдарламаға сүйене отырып жұмысын жүргізеді. Бұл бағдарламаға сәйкес желілік кесте жасақталып, барлығы 167 іс-шара бойынша 18 мыңға жуық адам қамту жоспарлануда. Шаралар халықпен онлайн немесе тікелей кездесулер арқылы өткізіледі. Партияның негізгі бағыты халықтың үніне құлақ асу арқылы олардың мұқтаждықтарын шешу, әрбір тұрғынға лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасау болып табылады,- дейді штаб жетекшісі М.Мырзашев.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді