Инвестициялық жоба 2022 жылдың мамыр айында іске қосылуы тиіс еді.
Жобаның негізгі инвесторы кәсіпорын құрылысының тоқтау себебіне түсінік берді.
«Нысанның іргетасы құйылып, құрылыс қаңқаларын құрастыру жұмыстары аяқталды. Құрылыстың тоқтауына қаржының жетіспеушілігі себеп. Қазіргі таңда зауыт құрылысына жаңа инвесторлар шақыру бағытында жұмыстар жасалуда. Қазақстан қоры биржасына акцияларымызды сатуға шығарып жатырмыз. Шетелден қызығушылық білдірген инвесторлар көп, бірақ олар шарт бойынша өз азаматтарын жұмысқа жібереді. Сәйкесінше, олардың еңбекақысы да көп болады. Бірақ, мен 50-60 адам болса да, жергілікті халықты еңбекпен қаматамасыз еткім келеді. Кәсіпорынның толықтай құрылысын аяқтауға 70 млн. теңге қаражат керек. Инвесторлар шақыру сәтті аяқталса, осы жылдың аяғына дейін жобаны аяқтау жоспарланып отыр» деді жобаның авторы және негізгі инвесторы Жеңіс Бекбасаров.
Махамбет өлшеу құрылғыларын шығару кәсіпорны жобасының жалпы құны 939 млн. теңге. Кәсіпорын жылы және салқын су өлшеу құрылғыларын өндіруі тиіс еді.
Айнұр Сатаева