Махамбетте Халықаралық әйелдер күніне орай интеллектуалды сайыс өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана" атты интеллектуалды ойын өтті.

Аталған шараға ауданның әр саладағы нәзік жандылары қатысты.

Шараның қорытындысы бойынша О.Шонаев атындағы орта мектебінің "Азалия" тобы бірінші орынды жеңіп алды.

З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің "Өнер" тобына екінші орын бұйырса, "Жалынды жастар" тобы үшінші орын иеленді. Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің "Позитив" тобына алғыс хат табысталды.

Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521