Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«2021 жылы «Meken Chiken» ЖШС-нің «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» жобасы жүзеге асады. Жалпы құны 5,9 млрд.теңгеге бағаланған жоба іске қосылған жағдайда 79 адам жұмыспен қамтылады.
«Индустрияландыру картасы» аясында «Жумагалиева» ШҚ Жылыжай жобасын іске қосқалы отыр. Құны 1,2 млрд. теңгеге бағаланған жоба іске асырылған жағдайда 40 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта жылыжай құрылысы басталды. Жалпы жоспар бойынша 16 гектар жерге жылыжай салынатын болады» деді спикер.
Еске сала кетелік, Махамбет ауданы бойынша өткен жылы «Индустрияландыру картасына» 4 жоба іске қосылды.
Олар - «Бірінші май» ЖШС Сүт өндіру зауыты, "Сарайшық АТШ" ЖШС Ешкі сүтін өндіру фермасы, «Бірінші май» ЖШС-інің Биогумус өндіру кешені, «Бірінші май» ЖШС-інің сүт өңдеу фермасын кеңейту жобасы. Оларда 125 жұмыс орыны ашылды.
Сурет:дереккөз