Махамбетте биыл 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталады

"Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Сонымен қатар 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді. Тағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобасы жасақталуда. Есепті кезеңде 24 594 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды» деді спикер Мұқаш Зұлхарнай.

Атап өтерлігі, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде көп балалы отбасыларға 19 тұрғын үй сатып алынып, табысталды. 6 тұрғынға 6,5 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары берілді.

Жалпы, Махамбет ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 982 адам тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз