«Махамбет барысы» анықталды

Фото: zh-shugylasy.kz

Ұлттық спорт күніне арналған «Наурызнама: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы аясында «Махамбет барысы – 2024» турнирі өтті. Турнирдің өтуіне аудан әкімдігінің қолдауымен жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Жарысқа Ақтоғай, Алға, Сарайшық, Бейбарыс, Махамбет ауылдарынан 20-ға жуық палуан қатысты.

Турнир жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырады. Жеребе тарту арқылы жұп- жұпқа бөлініп, белдескен палуандар тартысты өнер көрсетті.

Нәтижесінде, үшінші орынды бейбарыстық Амантай Жақсымбетұлы мен махамбеттік Алишер Балабаев иеленсе, махамбеттік Алмас Пастухов ақтық бәсекеде қарсыласына есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді. «Махамбет барысы – 2024» атағын, белбеуін және 100 мың теңге қаржылай сыйақыны махамбеттік Әбілсейіт Сұлтанов қанжығасына байлады.

Жүлдегерлер мен өзге де қатысушыларға диплом, алғыс хат табысталды. Жарыс жеңімпазы Атырау қаласында өтетін облыстық сайыста аудан намысын қорғайтын болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521