Махамбет ауданының қос тұрғыны көше мәдениетін бұзғаны үшін қамаққа алынды

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында ҚР ӘҚБТК-нің 440-бабының 3-бөлігімен Ж. және Г. қатысты екі әкімшілік​ құқық бұзушылық туралы іс қаралды.​ ​

​Сотта анықталғаны, құқық бұзушылардың екеуі де қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, біреуі Махамбет ауданына қарасты ауылының, Қ.Ахмедияров көшесі бойында киімі ластанып, кіші дәретін жіберіп қойған күйде отырған болса, екіншісі​ Махамбет ауылы, Есмағамбетов көшесі бойында масаң күйде жүрген.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Сот отырысында олар кінәларын мойындап, бұл әрекеттеріне кешірім сұрады. Сот олардың бұрын бірнеше рет осы тектес құқық бұзушылық әрекетін жасаса да түзелу жолына түспегенін, материалдық жағдайын ескеріп, ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, Ж. 5 тәулікке, Г. 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Тепсе темір үзетін ер азаматтардың пайдалы іспен айналыспай, өз-өздерін сыйламай, сондай күйге жеткізуі кім-кімді де қынжылтады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT