Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Қайрат Нұрлыбаев болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қайрат Нұрлыбаев Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Ол бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Еңбек өтілі:
06.1990-08.1990 аралығында – құрылыс цехының жұмысшысы, «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл өсіру зауыты, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы
08.1995-08.1996 аралығында – аға референт, Қобда аудандық мәслихаты
09.1996-04.1997 аралығында – орталық жылытқыш қазандардың жөндеуші-технигі, «Мұқыр» акционерлік қоғамы, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы
02.1999-04.2003 аралығында – Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (маман, округ әкімінің орынбасары, округ әкімі, бөлім меңгерушісі)
06.2003-12.2008 аралығында – Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді
12.2008-10.2012 аралығында – аппарат басшысы, Индер ауданы әкімінің аппараты
10.2012-05.06.2019 аралығында – Индер ауданы әкімінің орынбасары
06.2019-01.2021 аралығында – Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
01.2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.