Махамбет ауданындағы ескерткіштер аумағы еріктілердің көмегімен тазаланды

Ескерткіш  - елдің тарихы, ұлттың ұлағаты.

Кешегі күннің көзіндей, кемел бабалардың өзіндей болған ескерткіштерді жаз болса шаң, қыстыгүні қар басып жатады. Ескерткіштердің маңайын абаттандырып отыруға жауапты мамандар да бар.

Ал, жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы «Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» тұжырымдамасын бекітті. Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес Махамбет ауданына қарасты барлық ауылдық округте «Еріктілер кеңесі» құрылды.

Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында құрылған еріктілер тобы аудан көлеміндегі ескерткіштерге ерекше көңіл бөлуде. Шара аясында әр ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері өз ауылдарындағы ескерткіштердің келбетін түзету, яғни тазалау, әрлеу шараларын жүзеге асырды.

Департамент бастамасын алғаш болып қолға алған Алға және Бейбарыс ауылдарында құрылған «Еріктілер кеңесі» Боздақтар ескерткіші, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш орнатылған аумақтарына тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT