Махамбет ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Тұрғындардан сақтық шараларын ұстанып, медициналық бетперде және қолғаппен келулері сұралады.

Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, Махамбет ауданы көлемінде 17-18 шілде күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі.

«Жолда қабылдау» акциясының мақсаты - азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру. Мемлекеттік құрлымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, партия мен халық арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

Өтетін орны: Махамбет аудандық ПБ-нің азаматтарды қабылдау фронт-офисі.

Ж.ДЮСЕШЕВА

Махамбет ауданы полиция бөлімінің ӘПБ-нің инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT