5 қазан - Мұғалімдер күніне орай Махамбет ауданында “Ұстаздық жол — ізгілік пен адалдық” атты салтанатты шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.
— «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Еліміздегі жас өрендер өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады. Сондықтан да еңбектеріңіз өлшеусіз. Алдарыңызда басымызды иіп, алғыс білдіреміз. Өз кәсібіне адал берілген ұстаз қай дәуірде де бағалы, қай уақытта да құрметке лайық. Мерекелеріңіз құтты болсын! Атыңызды оздырар шәкірттеріңіз көп болсын,- деді Қ.Нұрлыбаев..
Жиында А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Есениязова мен Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасары Жылбек Тұрсынбаевқа ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар өңірдің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаз Оқу-ағарту министрінің, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің, аудандық білімі бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Қ.БАҒЫТ