Бүгін, 6 қазанда өтетін республикалық референдумға байланысты Махамбет ауданы бойынша алдын-ала бекітілген 18 референдум учаскесі жұмысын бастайды. Барлық учаске таңғы 7:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 18 референдум учаскесінде барлығы 110 комиссия мүшесі бар. Комиссия мүшелерінің саны елді мекендердегі дауыс берушілер санына байланысты. Дауыс берушілер саны 1000-ға дейін болса комиссия мүшесі 5-еу болуы міндетті. Ал, 1000 аса дауыс берушісі бар елді мекенде комиссия мүшесінің саны 7-еу болады.
Аудандық аумақмақтық референдум комиссиясы хабарлағандай, аудан бойынша 17 065 дауыс беру құқығы бар адам тіркелді.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға әрбір тұрғынның белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін бұл жолы референдумға шақыру қағазы тұрғылықты мекен-жай бойынша әр тұрғынға жеке-жеке таратылды.
Б.САПАРОВА