Махамбет ауданында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

«Айбыны асқақ Ата Заң». Осындай атаумен Махамбет ауданында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

69de2d90-9fc6-4464-afd0-7f700f3ac8d9

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының гимнімен шымылдығы ашылған шараға қатысқан аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Света Аманшиева мемекеттің қасиетті тұғырына айналған Коституция күнімен жиналған қауымды құттықтады.

4125fe15-879a-450d-9dbe-9f74c649df52

– Бұл күн  халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Конституция – халық пен биліктің арасындағы басты шарт. Ол – мемлекеттік құрылымды бекітуші, азаматтардың құқықтарын жария етуші және қорғаушы басты құрал. Ағымдағы жылдың 5 маусымы ел тарихындағы маңызды күндердің бірі болып қалды. Бұл күні елімізде  Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтықреферендум өтіп, онда ел азаматтары  өз таңдауын жасады.  Осылайша, көздеген нәтиже іске асып, Ата Заңға енгізілген өзгерістер өз күшіне енді. Тәуелсіз еліміз үшін жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерге жол ашылды. Мемлекетіміздің тұғырнамасы түбегейлі өзгеріп, бүкіл қоғамның дамуына тың серпін берді. Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, елімізге бейбітшілік пен тыныштық, ауызбіршілік тілеймін.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай,- деді С.Ертілеуқызы.

c2120dc1-fa03-4481-abb6-1e6c68ea082f

Кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене ат салысқан азаматтарға аудан әкімі мен мәлсихаттың Алғыс хаттары табысталды.  Азаттығымыздың айқын айғағындай айтулы күнге арналған шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT