2025 жылғы 5–6 маусым күндері Атырау облысы, Махамбет ауданының орталығында ауыл жастарының қатысуымен «TALAPTAN FOOTBALL CUP» футбол турнирі табысты өткізілді. Бұл турнир жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыруға бағытталған.
Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) қолдауымен, «Болашаққа Қозғалыс» жеке қорының және Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Турнир Махамбет ауылындағы Оңайбаев көшесінің бойындағы ашық футбол алаңында өтті. Шараға 14–35 жас аралығындағы 120-дан астам ауыл жастары қатысты. Ойыншылар 10 адамнан құралған 12 команда құрамында бақ сынасты.
Турнир форматы:
- Шағын футбол ережесі бойынша өтті;
- Әр матч – 2 тайм, 15 минуттан;
- Олимпиадалық жүйе: жеңілген команда жарыстан шығады;
- Тең жағдайда пенальти сериясы қолданылды.
Жүлде қоры – 300 000 теңге. Нәтижесінде төмендегі командалар жеңімпаз деп танылды:
- I орын – Iceberg Coffee командасы (150 000 теңге);
- II орын – Әли командасы (90 000 теңге);
- III орын – МФК Алға командасы (60 000 теңге).
Сонымен қатар, «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Командалық рух» номинациялары бойынша арнайы марапаттар табысталды.
Іс-шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас орнатуға зор мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай форматтағы турнирлердің жалғасатынын атап өтті.