Махамбет ауданында 84 сайлаушы алғаш рет дауыс береді

 

Махамбет ауданы бойынша 18 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Жалпы аудан бойынша 17 264 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 90 адам дауыс берсе, 18 жасқа толған 84 сайлаушы алғаш рет өз таңдауын жасайды.

-Махамбет ауданының сайлаушылары аудандық мәслихаттың 11 және облыстық мәслихаттың 1 депутатын таңдайды. Аудандық мәслихатқа 33, облыстық мәслихатқа 3 кандидат тіркелді. Аудандық мәслихатқа үміткердің 16-сы  партиялардан болса, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Ауданда 22 сайлау комиссиясы (1 аумақтық, 3 округтік, 18 учаскелік) жұмыс істейді, онда 130 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Барлық учаскелер материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген,- дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағынғали Шотпақов.

Айта кетейік, сайлау күні ауылішілік қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды. Егер сіз өз сайлау учаскеңізді білгіңіз келсе немесе өзге де сұрақтарыңыз туындаса аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2-12-42 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз