Тарихы тереңнен бастау алатын Махамбет ауданы биыл торқалы 90 жылдығын тойламақ.
З0 мыңнан астам тұрғыны бар ауылшаруашылығы дамыған ауданымыз Атырау облысының азық-түлік белдеуі саналады. Тоқсан жылдық тарихы бар ауданның бүгінде жеткен жетістігі де, айтары да мақтанары да жетерлік. Ауданымыздың мерейлі мерекесіне орай 6-қазан күні Бәйгетөбе мекенінде ат бәйгесі және көкпар ойындары ұйымдастырылады. Жиналған көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынылып, алтыбақан құрылады, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар (күрес, арқан тартыс, кір тасын көтеру т.б) өткізілетін болады.
11 қазан күні аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде, сағат. 9.30-да «Мерейлім, мақтанышым - Махамбетім!» атты облыстық ақындар айтысы өтеді. Кешкісін орталық спорт кешенінде, сағат 17.00-де көрермен назарына театрландырылған қойылым, гала-концерт ұсынылады.