Электронды еңбек биржасы жұмысқа орналасатындар үшін жариялайтын және мамандардың түйіндемелерін еркін көруге мүмкіндік берілген бірегей цифрлы алаңша.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Алмас Төлегеновтің айтуынша, ауданымызда орталық мамандары электронды еңбек биржасымен жұмыс іздеушілерге өз көмегін ұсынады. «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы (www.enbek. kz) арқылы бос жұмыс орындары жұмыс беруші мекемелердің қаперіне берілген. Желіде жарияланған бос орындарды орталықтың мамандары саралап, сұранымға лайықты адамдарды іріктейді. Барлығы тегін, ақысыз негізде жүргізіледі. Жұмыс беруші де, іздеуші де қажетті ақпаратты жеке кабинетіне кіріп, онлайн бақылай алады. Сол мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, ауданымыздан жұмыссыз 46 адам электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмыс тауып, үлкен қуанышқа кенелген.
-Бүгінде «Enbek kz» сайтында жұмыс берушілер саны артып отыр. Қазіргі уақытта олардың жалпы саны 3 мыңнан асады. Жұмыс іздеп, сабылып жүргендер саны біршама қысқарған. Мәселен, портал қызметі арқылы 5 мың адам жұмыс тапты делік. Электронды қызмет жұмыс берушіге де, іздеушіге де тегін. Электронды еңбек биржасы арқасында жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында тығыз байланыс нығайтылып, қолайлы жағдай туғызылған. Электронды еңбек биржасына төрт интернет-алаңдары қосылды. Электронды еңбек биржасындағы бос орынға алдымен хабарландырулар жарияланады. Әр жұмыс іздеуші порталда өз түйіндемесін орналастырады.
Соңғы кездері электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер саны күн санап артып келеді. Жалпы халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Әлі де бұл жұмыс жанданса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл электронды еңбек биржасына тіркелушілер мен жұмысқа орналасқандар санының артуына ықпал етеді. Электронды еңбек биржасынан бүкіл Қазақстан бойынша бос жұмыс орындарын көруге болады – дейді Алмас Төлегенов.
А.Қуанышқалиева.