Мақсат - өмір сүру сапасын арттыру

Бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмысшы-қызметкерлердің жұмысы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөле бастады.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы өзіне еңбек саласын жаңғырту жөнінде жауапкершілік ала отырып, жұмыс берушілермен бірге барлық қызметкерлердің Ата Заңымызбен белгіленген құқықтарын қорғап, үшжақты әлеуметтік әріптестікті нығайтуға күш салуда. «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде делегаттар Елбасының бес әлеуметтік бастамасынан туындайтын өзекті мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайын, әсіресе, көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтар санатындағылардың өмір сүру сапасын көтеру, бизнес үшін несиенің қолжетімділігін арттыру жөнінде келелі әңгімелер қозғайды деп үміттенемін.

Біз Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға, еңбек жанжалдарын шешуге, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ету арқылы кәсіподақ белсенділерінің көмегімен қоғамдық ұйым беделін көтеруге жұмыстанатын боламыз.

Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ,

«Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521