Құрметті азаматтар!
2019 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және мемлекеттік қызмет істері Департаменттері басшылығының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілуі жоспарлануда. Іс-шараға барлық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік қызмет жұмысын, қызметке кіру тәртібін және қызметкерлердің күнделікті жұмыстарын тануға ниет білдірген азаматтар қатыса алады.
Өтетін уақыты: сағат 15-00
Өтетін орны: Атырау қаласы, Темірханов көшесі 2, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті ғимаратының акт залы.