АҚЖАЙЫҚ.
- «Дастан», «Ещанова Г» шаруа қожалықтары 155,5 гектарға егін өнімдерін екті, оның ішінде, картоп-52 га, көкөніс-48,5 га, бақша-48 га, жоңышқа-7 га. Одан барлығы картоп-9720 цн, көкөніс-21155 цн, бақша-9600 цн, жоңышқа-800 цн, 2946 цн табиғи шөп, барлығы 44221 цн егін өнімдері жиналса, 2019 жылдың 1 қаңтарына картоп-76,6 гектар, бақша 42,1 гектар, көкөніс-99,2 гектарға өсіп, картоптан 1321 тн, бақшадан 1687 тн, көкөністен 3156 тн өнім алынып, 14 гектар жоңышқадан 105 тн шөп дайындалды,- деді тұрғындар алдында есеп берген Ақжайық ауылдық округінің әкімі С.Жұмағалиев. «Қызанақ АGRО» шаруашылығы да егін шаруашылығына өз үлестерін қосты. "Ещанова Г" шаруашылығы 1 гектар жерге алма ағашы мен «Жұмағалиева Қ» шаруашылығы 1 гектар жерге түрлі жеміс ағаштарын отырғызды. "Дастан" шаруашылығы облыс тұрғындарымен қатар ауыл халқын арзан егін өнімдерімен қамтып, ауылдағы барлық зейнеткерлерге тегін картоп пен көкөніс таратып, қайырымдылық көмегін көрсетті.
Білім беру саласы: Қызылүй орта мектебінде 39 мұғалім мен 22 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.Мұғалімдердің 33-і жоғары, 6-уы арнаулы орта білімді. Оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Мектептегі кітап қоры 24223. Сынып комплектісі-11,5, оқушылар саны-188 және МАД тобында-26 оқушы бар. Мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, кабинеттер талапқа сай жасақталып тұр. 119 оқушыны ыссы тамақпен ЖК "Жаңагүл"қамтып отыр. 2016/2017 оқу жылында ҰБТ сапа көрсеткіші 56,7 болса, 2017-2018 оқу жылында 64,8 пайыз.
Мәдениет саласы: кейінгі уақытта ауқымды жұмыс жасап келеді. Барлық бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Би, ересектер және балалар драмасы, вокал, домбыра үйірмелері, аналардың «Ақ босаға» клубы жұмыс жасайды.Жыл ішінде 41 шара өтіп, 4550 көрермен қамтылды. Аудан, облыс көлеміндегі мәдени шаралармен қатар республикадан Алматы, Астанадан келген өнер ұжымдары концерттік бағдарламалар көрсетіп, халықтың алғысына бөленді. Ауданымыздың 90 жылдығына байланысты өткізілген байқауда ауылдық мәдениет үйі жүлделі 2 орынға ие болды.
Медицина саласы: 2014 жылы салынып, пайдаланылуға берілген жайлы, талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтылған емханада 6 медицина қызметкері қызмет етеді. Былтырғы жылы флюорографиялық байқаудан 499 адам өтсе, 2018 жылы 501 болып, жоспар 100 пайыз орындалып отыр.
Инфрақұрылым: Округте барлық тұрғындар газбен, таза ауыз сумен толықтай қамтылған. Сондай-ақ ауылдың барлық үйлері телефон нүктелеріне қосылған.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Елбасымыздың алға қойып отырған талабына сәйкес, халықтың қажетін өтейтін кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстарды қолға алу көзделіп отыр. Округте 4 дүкен, 1 шайхана, 1 тойхана, кафе жұмыс жасап тұр. Жеке кәсіпкерлер саны – 11. Округте 11 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруашылықтардың барлық жайылымдық жерлері электрондық картаға енгізілді.
Тазалық мәселесі: Барлық тұрғындар тазалық айлығында үйлерінің сыртын ақтап, шарбақтарын ретке келтірді. Қоқыс төгетін орындары мен әжетханалары түгелдей залалсыздандырылды. Ауыл бойынша көктемгі және күзгі тазалық айлығы барысында 210 тал демалыс паркіне, соғыстан оралмағандар ескерткішіне, мекемелерге, тұрғындардың аулаларына егілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету және электрондық қызмет бойынша: Тұрғындарға жыл ішінде 8 жеке қосалқы шаруашылығы барлығы жөнінде анықтама, 2 елді мекен шегінде нысан салу үшін жер беру, 4 нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызметі көрсетілді.
Ақжайық ауылын бір ауыз сөзбен мәселесі жоқ ауыл деп ой түйіндеуге болады. Оған тұрғындар жиынында көз жеткізгендей болдық. Көшенің сиқын алып тұрған ғимаратты бір жағына шығару, Жайық өзені жағалауының тазалығы, тегін берілетін дәріні кешіктірмеу, екінші топтағы мүгедек қандай әлеуметтік жеңілдікті пайдаланады деген сияқты сауалдарға сол бойда жауап қайтарылды. Ал өрт сөндіру бекетін ашу, арнайы техникамен қамту жөніндегі сауалға аудан басшысы Жәрдемғали Бахуұлы жауап беріп, бұл мәселе оңтайлы шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ жанар-жағармай құю бекетін ашу туралы ұсыныс та аудан әкімі тарапынан қолдау тауып, осы мақсатта жұмыстанып жүрген кәсіпкер Ерғазиевпен бетпе-бет сөйлесіліп, жер телімін тездетіп бөліп, наурыз айынан қалдырмай, жұмысты бастап кету жөнінде уағдаласты.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Жәрдемғали Бахуұлы ауылдық округ бойынша тек бір ғана кәсіпкер жеңілдетілген несие алғандығына, тұрғын үй кезегі өсіп кеткендігіне, мал ұрлығы тиылмай тұрғандығына, ауылдың сани- тарлық тазалығына баса назар аударды. Тоғайлар орман шаруашылығы мекемесіне қарайтындықтан оларды да тазалық жұмыстарына тұрақты тарту туралы тапсырма берді. Болашақта тазалық жұмыстарын атқару үшін ауылдық округтерге тіркемесімен, тиегіш күрегімен әмбебап трактор сатып алудың жолдарын қарастыратынын айтты.
Жиын қорытындысымен тиісінше қаулы жобасы алынды.
Н.ТЕЛЬМАН.