Республика күні еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадамы болып саналады.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы құжаты- Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдады. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмыс- ты қалыптастыру, нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларация арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика күні жыл сайын 25 қазанда атап өтіле бастады. Оны алғаш рет 1995 жылдың 18 қазанында «ұлттық мереке» деп жариялады. Кейін бұл күн 2001 жылдан бастап «мемлекеттік мереке» санатына өтті. Ал 2009 жылғы сәуірден бастап рес- публика күні мерекелер қатарынан мүлдем алынып тасталды. Осылайша, 10 жылдан астам уақыт бойы рес- публика күні тойланған жоқ.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мереке» мәртебесін беріп, атап өту туралы бастама көтерді. Президент бастамасы халық қолдауына ие болып, сол жылы заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, еліміз ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған республика күнін тойлауды бастады. Бұл Республика күні – еліміздегі жалғыз ұлттық мейрам.
Атаулы күнде Отанымыз – Қазақстан Республикасының өр- кендеуі мен амандығын тілейміз. Еліміз гүлденіп, өркендей берсін. Халық бірлігі, татулық пен келісімі мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын деген тілектемін.
Бекбол ҚЫДЫРОВ,
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы