«Ауыл аманаты» жобасы талқыланды

«АМАNAT» партиясының аудандық филиалында депутаттық фракция мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне аудандық мәслихат депутаты Айзада Байғалиева төрағалық етті.

Ол мәжілісті ашып, «АMANAT» партиясы хатшысы Э.Жұмағазиевтің фракция отырыстарында «Ауыл аманаты» партиялық жобасының атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімдерінің есебін тыңдау туралы тапсырма­сына байланысты әрі «АMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бекіткен кестесіне сай, аудандық мәслихатының «Аманат» пар­тиясы депутаттық фракциясының мәжілісі шақырылғанын еске салды.

Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев «Ауыл аманаты» партиялық жобасының өткен жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Баяндамашы өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниет білдірген 35 тұлғаның 29-ы 231610, 0 мың теңгеге түрлі бағыттар бойынша несие алғанын, оның ішінде бір адам такси қызметімен айналысуға автокөлік алуға, тағы бірі қоғамдық тамақтану орталығын ашуға, сұлулық салоны, көлік жөндеу орталығы, наубай­хана, балалар ойын орталығы, сондай-ақ 18 кәсіпкер мал шаруашылығы үшін, нақты себептерге байланысты 6 тұлғаның өтініші кері қайтарылғанын айтты.

- Ауданымызға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстарды бақылау мақсатында ҚР Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов келіп кетті. Ол жобаға байланысты Махамбет ауылында ашылған кәсіпкерлік ны­сандарды аралап көрді. Көңілі толып, өзінің оң пікірін білдірді. «Ауыл ама­наты» жобасына байланысты, атап айтқанда «Мира» шаштаразы, «Мандарин» азық-түлік дүкені , «Айскофе» кофеханасы өткен жылы берілген жеңілдетілген несиеге жабдықталып, жұмысын жасап жатқанын білеміз. Жоба мақсатына сай кәсіпкерлер ауылда отырып-ақ табысын арттыра алады. Қала берді, тұрғындарды жұмыспен қамти алады. Өткен жылы Атырау облысы бой­ынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен несие беруге 1 млрд. 504 млн. теңге бөлінген еді. Бағдарламаны қаржыландыру төрт бағыт бойынша жүзеге асты. Атап айтқанда, аграрлық өнеркәсіптік кешен саласындағы та­уарлар өндіру, өңдеу, мал басын көбейту және молайту, өнім алу, жылыжай салуға, қызмет көрсетуге, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау. Биылғы жылы «Ауыл аманаты» жобасына 73 тұлға өтініш білдіріп отыр. Олар кәсіп ашуға 673790, 0 мың теңге несие алуды көздеген. Оның ішінде 31 тұлға мал шаруашылығымен айналысуға, 12 тұлға айналым қорын толықтыру үшін, 10 тұлға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 17 тұлға ғимарат немесе құрылыс субъектісін алуға өтініштер ұсынып отыр. Бәрі де қаражат бөлінген жағдайда құжаттарын ұсынуға дайын. Алайда тиісті несие қаражат әлі бөлінген жоқ, - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы ауданымызда екінші жылға аяқ басқанын, сервистік орталық ашуды көбейту керектігін, оны мониторинг жа­сап қарау керектігін алға тартты. ҚР Премьер-министр кеңесшісі Е.Тоғжанов мал басын сатып алуды көбейтуді ұсынғанын еске салды. Барлық аудандарда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының филиалы бар екенін, тек Исатай мен Ма­хамбет аудандарында «Атамекен» филиалының өкілдері қысқартуға ұшырап, мүлдем жабылып қалғанын, бұл да кәсіпкерлердің несие алуына қолбайлау бо­латынын айтты. Алдағы уақытта «Атамекен» филиалын ауданымызда ашуға жұмыстанып жатқанын тілге тиек етті.

Аудандық мәслихат төрағасы Қайыржан Мәжиев «АMANAT» партиясы хатшысы Э.Жұмағазиев форум кезінде аудандық бөлімдерге жоба бойынша қаражат бөлінбегенін, тек Мақат ауданы ғана алғанын, қырда жеке отырған ша­руагерлер «Ауыл аманаты» жобасымен қамтылмағанын айтқанын еске алып, «заготскот» сияқты мекеме ашуды ұсынды.

Кооператив құрудың маңызы зор

Аудан басшысы «Кооператив туралы» заңды жеңілдету керектігін алға тартты.

-Әр шаруагер, әр кооператив мүшесі өз өнімін орталыққа тапсыра алады, ал орталық оларға қабылданған өнімдердің ақшасын береді. Мәселен, Ақжайық ауылынан кооператив құруға болады. Ауыл адамдарына кооперативтің тиімді жағын түсіндіру керек, - деді Қ.Есқабылұлы.

Қайыржан Мәжиев Таңдай ауылында округ әкімі болған кезінде Бақсай ірі қара кооперативі құрылғанын, онда 35 мүше адам болғанын, кооператив 350 бас малды бордақылау үшін ауылдан мал сою цехын ашқанын, оған арнайы жер берілгенін, ол жерден шөп дайындап шапқандарын, бір жыл ішінде етке 350 бас мал тапсырғандарын айтты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT