Ұлттың ұлы тұлғасы

Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Еліміз үшін Н.Назарбаевтың жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Биылғы жылы Мемлекет басшысының ең жоғарғы лауазымды атқарғанына 28 жыл толады екен. Нұрсұлтан Назарбаевты ұлтымыздың ұлы тұлғасы деп есептейміз. Тәуелсіздік жария еткен алғашқы сәттерден бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен бар жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Елбасының қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.

Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалары болады. Қаншама уақыт өтсе де, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі болды. Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен ядролық қарусыз бейбітшілікте өмір сүріп, гүлденуге болатынын бүкіл әлемге дәлелдей білді. Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан халқы экономиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз етті. Елді нығайта түсетін мәселелерді шешті.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында білім саласына аса мән берілді. Жылма-жыл еліміздің мұғалімдер жалақысы көтеріліп, «Педагог мәртебесі» туралы заң Елбасының Жолдауына байланысты шықты. Мұғалім жүктемесін азайту бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобалар әзірленді. Мәселен, 35 жылдан астам жұмыс жасағандарға «Педагог саласына еңбегі сіңген ұстаз» төсбелгісін, 30 жылдан жоғары еңбегі еткен мұғалімдерге «Ы.Алтынсарин» медалін беруді, 25 жылдан астам үздіксіз еңбек еткендерге «Ұстаз даңқы», жақсы жұмыс жасап, озық тәжірибе көрсеткен жастарға «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерін ұсынса, артық етпейтіні айтылған-ды. Жылма-жыл мұғалімдеріміз білім мен біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беру үстінде. Жалпы Елбасы ұстаздар үшін аз қызмет атқармады деген ойдамыз. Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жастар жылы» деп жариялады. Жас ұрпақ Президенттің барлық жасампаздық істер нәтижелерінің куәсі болды.

Н.ЕРМЕКБАЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT