Осыдан тура 34 жыл бұрын ел тәуелсіздігіне жол ашқан ақжолтай құжат – Қазақ елінің егемендігі туралы Декларация қабылданған еді. Соның негізінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Осы акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.
Азаттықты айшықтаған айрықша күн – 25 қазан – Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде бекітіліп, жыл сайын атап өтіледі.
ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 538