Құрылтайда көтерілген отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық тәрбие мен әйел-аналардың қоғамдағы рөлін арттыруға қатысты бастамалар Аналар кеңесі үшін аса маңызды. Мемлекет басшысының саналы, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ қалыптастыруға бағытталған ой-тұжырымдары әрбір ананың жүрегінен орын алары сөзсіз.
Аналар кеңесі өз тарапынан ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесінде ананың рөлін күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, Президент көтерген бастамаларды қолдайды. Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар – ұлт болашағына бағытталған нақты әрі маңызды қадамдар деп білеміз.
ТОЙҒАН САРИЕВА, Атырау облысы Махамбет ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
Ұлт болашағына бағытталған нақты қадам
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 19


