Әлеуметтік кәсіпкер атанғыңыз келе ме?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалында «Жарқыра» бағдарламасының «Әлеуметтік кәсіпкерлік» жобасының таныстырылымы өтті.

Жоба туралы Асқар Секербаев :

- ТШО-ның «Жарқыра» бағдарламасы 2016 жылдан басталды. 2017-2018 жылдары облыстық, республикалық деңгейге шықты. Өткен жылы Маңғыстау облысында бұл бағдарлама жүзеге асты. Көп кәсіпкерлеріміз тек қана пайда көруді ойлайтыны рас. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік қоғамға пайда әкелу, олар өз пайдасын ойламайды. Үкіметтік емес ұйымдар да қоғамға пайда келтіру жағын көп ойлайтынын білеміз. Кәсіпкерлердің осал тұсы бар, үкімет ақша бермесе, қалып қояды. Елімізде 500-ге жуық ҮЕҰ бар. Әлеуметтік кәсіпкерлер алдымен кәсіп ашуды ойлайды. Олар кәсібін одан әрі дамыта түскенді тәуір көреді. Бұл бізге 2013 жылы келген еді. Жалпы әлеуметтік кәсіпкер болу ауыр. Оған еліміздегі бірқатар компаниялар қатысады. Мәселен, «Самұрық-Қазына» ТШО-ға 2006 жылы ұсыныс жасаған болатын. Шетелде Ашако компаниясын ашса, Ресейде бұдан 15 жыл бұрын «Наше будущее» қорының негізі қаланды.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті әлеуметтік мәселені көру, ол жерде пайда әкелетін мүмкіндік көру, жаңа тұрақты шешім ұсыну деп білген дұрыс. Ал қоғамды өзгерту үшін сол шешімді кеңейту, тарату болып табылады. «Кәсіпкер болған қандай?» деген сауалға оралсақ, ол арманды, хоббиды іске асыру, жақсы көретін іспен айналысу, өз ісің бұл шығармашылықпен қоғамға пайда алып келу, қаржылық тәуелсіздік. Ал неліктен бұл оңай емес деп ойлайсыздар? Өйткені, қоғамда әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғым, түсінік жоқ. Тіпті ол әлі қалыптаспаған. Көпшілік оны жіті көп түсіне бермейді. Одан түсер аса пайда жоқ деп ойлайды. Ол үшін қоғамның қолдауын алу қажет. Үнемі серіктестікті кеңейтіп отыру, үйрену маңызды. Оның үстіне өсе білу керек екенін де естен шығармайық. Әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсаты-әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етуге инновациялық әлеуметтік бастамаларға көмек көрсету – екенін айтты.

- Алдағы уақытта кәсіпкерліктің Атырауда екі күндік семинары өтпекші. Әлеуметтік кәсіпкерліктің 1 турында «Бизнес идеяны қайдан табуға болады?» бизнес идеялар байқауы өткізіледі, соған сіздің де қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Байқау қатысушыларын жобасын тәуелсіз сарапшылар қарап, өз әділ бағасын береді. Екінші турда 2 айлық курстар да бар. Мұнда қаржы, маркетинг, көпшілік алдында сөйлеу, клиентті зерттеу, бизнес жоспар құру мәселелерін қамтиды. Курстан соң 8 қарыз, 1500 000-3000000 теңгеге дейін пайызсыз несие 3 жылға беріледі. Оның біреуі қайтарымсыз грант. Несие алған соң бұл қаржыға құрал-жабдық сатып алынады. Бұдан басқа Алматы, Астана, Ресейде тағлымдамадан өту бар. Әркім тағлымдамада тәжірибе алмасып, өз біліктілігін арттыра алады. Тәлімгерлер клубында пайдалы байланыстар, инвесторлар тауып, кеңесшілер(консультанттар) бухгалтерлікке, есеп тапсыруға үйретеді. Жыл аяғында құрылтай өткізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары-балалар және жастар, денсаулық, халық дәстүрлерін жандандыру, экология, мәдениет және өнер, білім беру, спорт, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау, жалғызілікті қарттар, мүгедектер, оралмандар т.б. мүгедектердің көмекшілерін, күтім жасайтын жандарды тегін оқыту, ҮЕҰ ашу, қоғам үшін маңызды басқа да салаларды қарастырамыз-дейді А.Секербаев.

«Жарқыра» бағдарламасымен қайтарымсыз грант алған ауданымызда тек «Ержүректілер» мүгедектер спорт клубын ашқан М.Қуангереев екен. Басқа ауданда ондай бағытпен несие алған ешкім жоқ болып шықты.

«Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Ғасырбек таяуда ғана жастарға арналған қоғамдық бірлестік ашқанын, онда 14-29 жастағы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуді көздейтінін, өзінің 10 жобасы барын, қоғам белсенділігін ояту мақсатында жастар театрын ашу ойда тұрғанын, екі қойылымды әзірлеп жатқанын, басқа да тың жобалары барын айтып, әлеуметтік кәсіпкерлік туралы енді естіп-біліп жатқанын тілге тиек етті.

Г.Утеулиева жолдасы М.Қуангереев екеуі 1,5 миллионға «Ержүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубын ашқанын, «Жарқыра» бағдарламасының игілігін көріп, қайтарымсыз грант ұтып алғандарын еске алып, бүгінде «Ержүректілер» спортты серік еткен үлкен-кіші, ұл-қыздар, ерлер мен әйелдердің орталығына айналғанын, жұмыстары жақсы жүріп жатқанын айтып, шынайы ризашылығын білдірді.

Махамбеттік А.Төремұратов соңғы кездері көлік жуу, жөндеу шеберханалары көптеп ашылып жатқанын, жері болғандықтан газбен қамту қызмет көрсету орталығын ашқысы келетінін, тек құжат жағынан көмектессе деген ұсынысын тастады. Оған әкімдік, «Атамекен» ҰКП көмектесетінін, қазіргі уақытта құжаттар мерзімі жоқтығын еске салды. Тек мүгедектерге арналған жобаларға ғана көмек барын, үлкен жобадан гөрі шағын жобалардан бастауды, беретіндері тек үш миллион болғандықтан оған ер де, әйел де, жұмыссыз да, мүгедек те қатыса алатынын қаперледі. Басқа қатысушылар ауданда өндірістің жоқтығын, арнайы маман тапшылығын, бар мамандарға ақша тауып бере алмайтындарын, кәсіпкерлік білімнің жеткілікті болмауын, үш миллионның өзі аздық ететінін айтып жатты.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521