«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы тәрбиеленушілерінің салауатты өмір салтын сақтау барысында спортпен айналысуына ерекше көңіл бөледі. Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар арқылы таза ауада шынықтыру мақсатында «Қыс қызығы» атты ойын сауық іс-шарасы өтті.
Шараға түлкі мен аққала қонаққа келіп балалармен әр түрлі ойындар ойнап, ерекше көңіл-күй сыйлады. Ортаңғы «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушілері екі топқа бөлініп, "Кім шапшаң"қимылды ойынын сайыс түрінде өткізді. Сайыстың шанамен жарысу, аққала құрастыру, қар түйіршіктерін жинау кезеңдері бойынша «Дәл тигіз», «Қар жинау», «Аққала жасау» ойындары ойнатылды.
Бұл сайыс балалардың жылдамдық, ептілік, дәлдік қасиеттерін бағалауға мүмкіндік берумен қатар оларға ерекше көңіл-күймен сыйлады. Сол үшін де ерте жастан балаларымыздың спортқа деген қызығушылықтарын оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесімді қосып келемін.
Алтынай Аймағамбетова,
«Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы педагог-модератор