Квазимемлекеттік сектор оңтайланады

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Махамбет ауданы бюджетінің 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылуы және коммуналдық меншігін басқару мәселелерін талқылауға» арналған жиын өтті.

Басқарманың бөлім басшысы Ж.Демегенов ауданымыздағы уәкілетті органдар жұмысындағы мәселелер, квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жұмыстарының барысымен, төртінші деңгейлі бюджет мән-жайымен танысу мақсатымен келгендерін айтып, сонымен қатар коммуналдық, сенімгерлік, өтеусіз басқаруға беру мәселесі жайын да сөз етті. Ол коммуналдық мемлекеттік меншіктің үш түрі-облыстық, аудандық, өзін-өзі басқару барын тілге тиек етіп, барлық заңға өзгерістер енгізілгенін, облыста 843 ұйым барын, оның 312-і АҚ, ЖШС екенін, Махамбет ауданында 80 ұйым бар екенін айтты.

Сексен тоғыз ұйым, оның ішінде Махамбетте төрт балабақша біріктіріліп, екі бөбекжай жұмыс істемек. Квазимемлекеттік сектордың қаржысына мән беру керек. Ауданда екі ұйым зиянмен шығып отыр. Сондай-ақ 31 мемлекеттік сектор шығын-пайдамен аяқтауы тиімсіздікке кіреді. Мемлекеттік сатып алудан тек бір көзден сатып алу басым. Монополистік ұйымдар бар, оларды ашық конкурспен сату керек. Әр ұйым өз қызметі туралы 5 жылдық даму жоспарын дайындайды. Оны орындауға мемлекеттік реестрге енгізеді. Миссиясы дұрыс көрсетілмегесін қосымша қайта тапсыруға мәжбүр. Ол үшін 2 МРП төленеді. Жыл сайын наурызда мүлік түгендеу жүргізіледі. Мемлекеттік реестрде неше түрлі жағдайы, құжаттамалары көрсетілген. Мүліктерді есептен шығару ұсынылады. Алайда мезгілінде ол енгізілмейді. Қайталап тапсырғаныңыз үшін әкімдік қаржы төлейді. Қосымша қаржы алынады. 2012 жылдан бері мониторинг жүргізіліп келеді. Онда ұжымның жұмыс бағыты, жарғысына сәйкес кадрлық ахуал, мемлекеттік қажеттілік тексеріледі. Оның ішіне бюджеттік қаражат, ақылы қызмет те кіреді. Мәселен, Сарайшық ауылында орналасқан Махамбет көпбейінді ауылшаруашылық колледжі 400 оқушыға арналса да, онда бүгінде 180 оқушы білім алуда. Сонымен қатар есепшілер қызметіне сай ма, автокөліктерді газге ауыстыру мәселелері де көтерілді. Болашақта балабақша, мәдениет үйлеріне де сараптама жүргізу ұсынылатынын қаперлеймін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521