Кәсіби еңбекке жаңа көзқарас

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы кезеңдегі нақты бағдарын айқындап берді. Бұл Жолдау – уақыт талабына сай жасалған, болашаққа нық қадам жасайтын маңызды стратегиялық құжат.

Президент өз Жолдауында инвестиция тарту, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, транзит әлеуеті, су ресурстарын тиімді басқару секілді көптеген өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар саяси реформалардың келесі кезеңі қандай бағытта жалғасатыны да нақты айтылып, ел басқарудағы ашықтық пен тиімділікке басымдық берілетіні байқалды.

Жолдауда айтылған маңызды тұстардың бірі – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселесі. Президенттің: «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсу – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деген сөзі өндірістік салада, білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мамандардың жүрегінен шыққан ой деп білемін. Өйткені бүгінгі таңда еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен даму қарқыны нақты өндіріс пен еңбек адамына тікелей байланысты.

Шын мәнінде, қоғам дамуының тірегі – адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандар. Олардың мәртебесін көтеру тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жүрегіндегі ортақ миссия болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің бұл бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін, болашаққа сенім ұялататын маңызды қадам деп есептеймін.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының Жолдауы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, заман талабына сай қабылданған маңызды құжат. Онда көтерілген бастамалар Қазақстанның бәсекеге қабілетті, технологиялық және әділетті қоғам құру жолындағы нақты іс-қимылдардың негізі болмақ.

Жылбек Тұрсынбаев,
Махамбет көпбейінді ауыл шаруашылығы
колледжінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT