Қоржын бос қайтпады

Исатай ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер және 2011-2012, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтті.

Аталған бәсекеге Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің спортшылары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда Алихан Мұхтар (30 келі), Арман Есенжанов (37 келі) және Саян Ерсайын (57 келі) өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды.

33 келі салмақтағы Бақдәулет Ибатолла мен 42 келі салмақтағы Амир Серікқали ақтық бәсекеде қарсыластарынан ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты. Ал Айсұлтан Қабошев (28 келі), Нұрайдан Ұлықбек (30 келі) және Нұрым Орынғали (40 келі) үшінші орынды иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Жас былғары қолғап шеберлерін жарысқа дайындаған жаттықтырушылар – Қалмұрат Торбаев, Мирлан Қайрош, Жәнібек Қапуанов және Ерасылан Естаев.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT