Мен мұғалім ретінде Конституцияның қоғамдағы рөлі ерекше деп санаймын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы ғана емес, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін маңызды құжат. Онда көрсетілген құқықтар мен міндеттер әр азаматтың өмірінде нақты орын алуы тиіс.
Мектеп қабырғасында біз оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға да мән береміз. Конституциядағы қағидаттар – әділдік, теңдік, еркіндік – тәрбие жұмысының өзегіне айналуы керек. Себебі заңды құрметтеген бала болашақта елін құрметтейтін саналы азамат болып өседі.
Конституцияны білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы. Сондықтан жас ұрпаққа оның мазмұнын түсіндіру, маңызын ұғындыру – ұстаздар қауымының басты міндеттерінің бірі деп ойлаймын.
#Конституция #ҚұқықтықСана #ЖасҰрпақ #ҰстазПікірі



