ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БІЛІМ МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

 

 «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері – Дүйсенбай Тұрғанов және Серік Ерубаев, сондай-ақ өңірлік коалиция мүшелері – Саламат Идрисов, Жаңыл  Умбетярова, Гүлбаршын Марданова, Айжан Сәрсембаева, Бауыржан Ажгалиев APEC PetroTechnic жоғары колледжі ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды. Әсіресе, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың ел басқару ісіне белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділетті қоғам қалыптастырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы ашық пікір алмасу өтті.

– Өңірімізде осындай халықаралық деңгейде мойындалған заманауи колледждің болуы – үлкен мақтаныш. Бұл – Атырау жастарының сапалы білім алып, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жасалған нақты мүмкіндік, – деді өңірлік коалиция мүшесі Саламат Идрисов.

Кездесу қорытындысында колледж ұжымы ұсынылып отырған Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, ел болашағы жолындағы маңызды бастамаларға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT