Конституция – тұрақтылық пен дамудың кепілі.

Конституция – кез келген мемлекеттің басты құжаты, ел дамуының айқын бағытын айқындайтын негізгі заң. Менің ойымша, Ата Заңымыз қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға үлкен негіз болып отыр. Әсіресе заң үстемдігі қағидатының сақталуы – әділетті қоғам қалыптастырудың басты шарты.
Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар да Конституция талаптарына сүйене отырып жүзеге асырылуда. Бұл – халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, басқару жүйесінің ашықтығын күшейтеді. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, міндетін де терең түсінуі тиіс деп есептеймін. Сонда ғана біз құқықтық мәдениеті жоғары, жауапты қоғам құра аламыз.

#Конституция #АтаЗаң #ЗаңҮстемдігі #ӘділеттіҚоғам

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT